Маңғыстау облысында ер адамнан 41 келі марихуана тәркіленді

Динара Амантай

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері ер адамнан 41 келі марихуана және ірі көлемде ақша тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, келіп түскен жедел ақпарат бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 25 қарашада сағат 02:30 шамасында Ақтау қаласы аумағында 11-шағын ауданның көпқабатты үйлерінің бірінде 40 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Жеке тінту барысында одан 12 целлофан пакет марихуана есірткі заты тәркіленді

Одан кейін тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде полицейлер тағы 11 үлкен полиэтилен пакет марихуана есірткі затын тапты. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы – 41 келі. Сонымен қатар күдіктіден 3,3 млн теңгеге жуық ақшалай қаражат тәркіленді. Күдікті өз әрекетін толықтай мойындады.

Бұл дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-да ҚР-нің ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.