Елімізде жалдамалы жұмыскерлер саны артты
Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны азайды
2021 жылғы 4 тоқсанда жалдамалы жұмыскерлер санының 32,1 мың адамға өсуі әрі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының 33,1 мың адамға қысқаруы байқалды. Тұтас алғанда, Қазақстанның еңбек нарығында осы кезеңде жұмыссыздар саны төмендеуін жалғастырды. Белсенді жұмыспен қамтылмағандар еңбек нарығына қайта оралуда, ал қашықтан жұмыспен қамтудың танымалдығы азайып жатыр.
Жұмыс күшінің жалпы саны 2021 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда 1,3 мың адамға қысқарды. Алайда жылдық мәнде бұл көрсеткіш 0,3%-ға (29,9 мың) 9,3 млн адамға дейін көбейді. Бұған өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда жұмыспен қамтудың жалпы санының 0,4%-ға (30,8 мың) 8,8 млн адамға дейін артуы ықпал етті, – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жұмыспен қамту құрылымында 4-тоқсанның қорытындысы бойынша, жұмыс істейтін халықтың 76% (6,72 млн) жалдамалы еңбекпен қамтылды. Олардың саны 2021 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда 0,5%-ға (32,1 мың) өсті. Тиісінше, жұмыспен қамтылғандардың 24%-ы (2,1 млн) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саналады. Олардың саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 1,6%-ға (33,1 мың) төмендеді.
«Сонымен қатар егер өткен жылдың басы мен аяғының көрсеткіштерін салыстырсақ, жалдамалы жұмысшылар әрі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының тиісінше 14,3 мың және 16,5 мың адамға көбейгенін атап өтуге болады», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская.