×

Нокаутқа түскен әлемнің экс-чемпионы көз жұмды

Ол комаға түсіп, есін жимады

 Дастан Жұмабекұлы 25.11.2022 | 16:00
фото: ашық дереккөз

Әлемнің экс-чемпионы, мексикалық Мойзес Фуэнтес 37 жасында қайтыс болды. Бұл қайғылы жаңалықты Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман әлеуметтік желіде хабарлады.

Мойзес Фуэнтес өмірден өтті. Ол соңғы демі қалғанша айқасатын нағыз батыр еді. Оның отбасы мен достарына қайғырып көңіл айтамыз, –  деп жазды ол Twitter-де.

Фуэнтес жеңіл салмақта 25 жекпе-жек өткізіп, 14 кездесуді нокаутпен жеңген еді. Ол 2011 жылы отандасы Рауль Гарсияны жеңіп, WBO белбеуін иеленді.

2021 жылдың қазан айында Фуэнтес тағы бір отандасы Давид Куэльярамен айқасып, 6-раундта нокаутқа түсті. Содан ол комаға түсіп, есін жимады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама