Автобустардың бірінде жолаушылар болмаған
25 қараша күні таңертең Қарағандыда жолаушылар тасымалдайтын №41 және №146 бағытындағы екі автобус соқтығысты. Жол апаты салдарынан автобус жүргізушілерінің бірі оқиға орнында қаза тапты.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға кезінде №41 автобустың ішінде жүргізуден басқа ешкім болмаған.
Қарағанды қаласындағы Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Берік Төлеубаев жол апаты салдарынан жарақат алған 18 адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.