Halyq Uni логотип
×

Астанада 2 адамның өліміне қатысы бар қылмыстық топ жетекшілері ұсталды

Сонымен бірге, қаскөйлер аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған деген күдікке ілініп отыр

 Динара Амантай 25.11.2022 | 10:20
Астанада 2 адамның өліміне қатысы бар қылмыстық топ жетекшілері ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Елордалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топтың жетекшісін және қылмыс әлемінің серкесін ұстады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін және белсенді мүшесін ұстаған.

Биыл сәуір айында Астанадағы түнгі клубтардың күзет қызметін басқаруды бөлісу кезінде жанжал туындап, соның салдарынан 2 адам атыс қаруынан жарақат алған болатын. Ұсталғандар аталған жағдайға қатысты күдікті деп танылды. Сонымен бірге, қаскөйлер аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған деген күдікке ілініп отыр.

Анықталғандай, күдіктілер Ақмола облысының кәсіпкерлерін өз қорғауына алуға және араларындағы мүліктік дауды шешуге уәде берген. Ақысына өңір аумағындағы сомасы 150 млн теңге болатын екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына рәсімдеуге көндірген.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама