Сотталғандар да жарай береді: Астанадағы мекемелерге 700-ге жуық адам жетіспейді
Жәрмеңкеге әртүрлі саладағы 43 жұмыс беруші ұйым қатысты
Бүгінде Астанадағы мекемелерге 700-ге жуық адам жетіспейді. Кеше өткен бос орындар жәрмеңкесінде пробация есебінде тұрған немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін де 80-нен аса жұмыс орны қарастырылған.
Жәрмеңкеге әртүрлі саладағы 43 жұмыс беруші ұйым қатысты. Оның 5-еуі мүгедектігі бар жүзден аса азаматты және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған жастарды жұмысқа орналастыруға дайын. Тіпті, 8 жұмыс беруші орталық соттылығы бар азаматтар үшін де бос жұмыс орындарын ұсынды.
Жәрменкеде жоғары білімді азаматтар үшін де бос жұмыс орындары бар. Денсаулық сақтау, құрылыс, өндіріс және сауда салаларындағы қызметкерлер зор сұранысқа ие болып тұр.
«Бұл – жыл басынан бері ұйымдастырылып жатқан 10-шы жәрмеңке. Оның алдында өткен 9 жәрмеңкеге 2 мыңнан аса азамат қатысып, 1 мың адам осы еңбек бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру белсенді шараларына консультация алып, 270-сі тұрақты жұмысқа тұрды», - дейді қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов.