Ақмола облысында жолдар жабылды
Барлық автокөлікке тасжолға шығуға шектеу қойылды
Ақмола облысында жолдар жабылды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлық автокөлікке тасжолға шығуға шектеу қойылған.
Астана уақыты бойынша 23:30-да үш бағыттағы тасжол қозғалысы шектелді.
Жақсы – Есіл – Бұзұлұқ 0-82 шақырым, Жақсы кенті – Бұзұлұқ кенті;
Қостанай – Әулиекөл – Сұрған 232-260 шақырым, Қостанай облысының шекарасы – Сұрған кенті;
Жезқазған – Петропавл 537-552 шақырым, Бұзұлұқ кенті – Сұрған кенті жабық.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМК бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялаған болатын.