Halyq Uni логотип
×

Алматыда қылмыс жасаған Ресей азаматы ұсталды

Таксистер күдіктіге алданып қалған

 Дастан Жұмабекұлы 25.11.2022 | 08:58
Алматыда қылмыс жасаған Ресей азаматы ұсталды
фото: ашық дереккөз

Алматыда полицейлер бірнеше қылмыс жасаған 52 жастағы Ресей азаматын ұстады.

Ресей азаматы Қазақстанға келіп, алаяқтықпен айналысқан. Ол такси шақырып, халық жиі сатып алатын техника заттарын арзан бағаға алуға болатынын айтып, жүргізушілерді алдаған. Ал алданған адамдар алаяқтың шотына ақша жіберіп отырған.

Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулиновтың айтуынша, Ресей азаматынан алданғаны туралы арыз әзірше 3 адамнан түскен.

Қазір күдікті ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама