×

Жетісу өңірінде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ тұтынушылардың құқығын бұзған

Мекеменің атына хабарлама шығарылды

 Динара Амантай 24.11.2022 | 17:00
Фото: kursiv.kz

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Жетісу өндірістік филиалы тарапынан тұтынушылардың құқығы бұзылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен Алматы облысы прокуратурасының ұсынысын қарау кезінде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының қызметінде бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтардың белгілері байқалды.

Анықталғандай, филиал тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шарттарын жасасу кезінде коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға тек өнеркәсіптік тұтынушылар үшін арналған газды жеткізудің орташа тәуліктік нормасына қатысты міндеттерді жүктеген.

Сонымен қатар, филиал тұтынушыға заңнамаға қайшы келетін, газ тұтыну көлемін күнделікті коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыға беру міндетін жүктеген.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Жетісу облысында филиалдың тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметтері нарығында үстем жағдайға ие екені анықталды. Осылайша, филиал тауарлық газды бөлшек саудада сату қызметтері нарығындағы өзінің үстем жағдайын теріс пайдалана отырып, тұтынушылардың заңды құқықтарына нұқсан келтірген.

Осы негізде департамент Кәсіпкерлік Кодекстің 199-бабына сәйкес филиалдың атына нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама шығарды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалына айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама