Halyq Uni логотип
×

Ақтауда екі әйел бірнеше айдан бері қоқыстың ортасында тұрып жатыр (ВИДЕО)

Тұрғындар полицияға шағымданған, алайда қазірге дейін шара қолданылмаған

 Халық үні 24.11.2022 | 16:35
Ақтауда екі әйел бірнеше айдан бері  қоқыстың ортасында тұрып жатыр (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Ақтауда №12 шағын ауданның тұрғындары көршісінің қоқысқа толған пәтеріне қатысты шағым айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жергілікті тұрғын Ақжан Шәкиеваның айтуынша, бұл пәтерде шизофрениялық ауытқуы бар адам тұрады. 

Әйел құзырлы органдардың шара қабылдауын сұрап отыр. Себебі пәтерден шығатын жағымсыз иіс тұрғын үйдің кіреберісінен бастап қолқаны қабады.

«Бұл пәтерде тұратындардың бірі шамамен 40 жаста. Білуімше, шизофрениялық ауытқуы бар. Оның заңды қамқоршысы – анасы. Көршілер полицияға арыз жазды. Алайда облыстың денсаулық сақтау басқармасы қамқоршысының болуына байланысты ешқайдай шара қолдана алмайтынын айтты. Бұл жерде анасының егде жаста екені, оның алжығаны ескерілмей отыр», - дейді Ақжан Шәкиева.

Әйелдің айтуынша, учаскелік полицей бұл пәтердегі жағдайдан хабардар. Алайда шара қолданбай отыр.

Осы уақытқа дейін басқа да көршілер шағымданды, бірақ нәтиже жоқ. Құзырлы орган істі аяғына жеткізбей, бір-біріне сілтеп қоя салады, - дейді ол.

24 қарашада тұрғындар үй иесімен сөйлеспек болған. Алайда пәтер иесі олармен кері байланысқа шықпаған.

Мәдина Керімқұл, Маңғыстау облысы

Серіктес жаңалықтары

Сараптама