Halyq Uni логотип
×

Астанада онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа тәсілдері ұсынылады

Кездесуде тың дерек айтылады

 Дастан Жұмабекұлы 24.11.2022 | 16:17
Астанада онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа тәсілдері ұсынылады
фото: ашық дереккөз

8-9 желтоқсан күндері Астанада «Онкологиялық ауруларды емдеу мен диагностика жасаудың ғылыми-тәжірибелік аспектілері» атты халықаралық конференция өтеді.

Конференцияда Ұлттық ғылыми онкология орталығының ұжымы Ресей, Жапония, Корея, Түркия мен Франция елдерінен келген әріптестерімен бірге онкологиялық ауруларды емдеудің соны жаңалықтарын айтып, ұсыныстарды ортаға салады.

Кездесуде дәріскерлер дәрілік терапия мен онкологиялық патологияларға диагностика жасаудың жаңа тәсілдерін ұсынады. Онда сүт безі қатерлі ісігі, онкогинекология, бірнеше миелома, бас және мойын ісіктері, іштің онкологиясы, онкоурология, онкогематология, онкогепатология, паллиативті медицина қаралады.

Іс-шарада клиникалық жағдайларды талдау, клиникалық ұсыныстарды талқылау және пленарлық отырыс өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама