×

Шетелдіктерден құралған қылмыстық топ Үндістан азаматын ұрлап, ақша бопсалаған (ВИДЕО)

Оны босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен

 Динара Амантай 24.11.2022 | 14:46
скриншот: видео

Астанада Үндістан азаматын ұрлап, ақша бопсалаған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қарағанды облыстық ПД қызметкерлерінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына 27 жастағы Үндістан азаматы арызбен шағымданып, өзін белгісіз біреулер күштеп автокөлікке отырғызып, Астана қаласына алып кеткені туралы хабарлаған. Елордада шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, күш қолданып, босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен.

Қарағанды облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірі анықталып, ол жерден бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен Өзбекстанның 26-34 жас аралықтарындағы 4 азаматы ұсталды, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қазір адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама