×

Алматыда жаңа асфальт опырылып кетті

Алматы әкімдігінің энергетика басқармасы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады

 Дастан Жұмабекұлы 24.11.2022 | 13:10
фото: instagram.com

Алматыдағы Алатау ауданында жаңа асфальт опырылып, жолаушылар автобусы шұңқырға түсіп кетті. Бұл туралы мәлімет Instagram-дағы kris.p_kz парақшасында жарияланды.

«Қайырлы таң! Алатау ауданы, «Мәдениет» («Рахат») шағын ауданында не болып жатқанын жариялаңыздаршы. Бәрі опырылып жатыр. Бізде ешқашан жол жөнделген емес. Тек жамаудың үстіне жамау. Оны да жоғарыдан біреу келгенде ғана жасайды. Тіпті жаяу жүретін жол да жоқ, бәрі жарамсыз. Көліктер мен автобустар өте алмайды», –  делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алматы қаласы әкімдігінің энергетика басқармасы жауап беріп, мамандардың көрсетілген мекенжайға жөнелтілгенін хабарлаған.

«Связьстроймеханизация» ЖШС мердігер ұйымы басшылығының бұйрығымен 2019 жылы кепілді міндеттеме негізінде «Рахат» («Мәдениет») шағын ауданында магистральдық су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Ақаулар сигналдық таспамен қоршалған. Жақын арада жөндеу жұмыстары болады», – деген Алматы әкімдігінің энергетика басқармасы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама