×

Астана қаласынан Сенат депутаттығына Ерлан Сыдықов ұсынылды

Ұсынысты Amanat партиясы жасады

 Дастан Жұмабекұлы 24.11.2022 | 12:17
фото: ашық дереккөз

Бүгін Астана қалалық мәслихатының отырысында Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ретінде Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов ұсынылды.

Осы жылдың 31 қазанында Астана қаласынан Парламент Сенатының депутатын сайлау туралы қаулы жарияланды. Бекітілген күнтізбеге сәйкес, кандидаттарды ұсыну осы жылдың 1-25 қараша аралығында болады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 71-бабына сәйкес, кандидатура мәслихаттың сессияларында және өзін-өзі ұсыну тәртібімен өткізіледі, –  деді қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов.

Осыдан кейін Amanat партиясы атынан мәслихат депутаты болып сайланған Азамат Айтхожин сөз сөйлеп, Сенат депутаттығына Ерлан Сыдықовты ұсынды.

Бұл ұсынысты «Ақ жол» партиясының өкілдері де қолдап, мәслихат депутаттары сенаторлыққа Ерлан Сыдықовты лайық деп тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама