Алтай мен Риддер қаласында қатты аяздан сабақ тоқтатылды
ШҚО-да екі қаланың оқушылары қашықтан оқиды
Шығыс Қазақстан облысының Алтай және Риддер қалаларында кейбір сыныптарда сабақ тоқтатылды. ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі аяз салдарынан мектеп оқушылары қашықтан оқитынын хабарлады.
Алтай қаласында -29 градус аязға байланысты бірінші ауысымның 1-4 сыныптары қашықтан оқытуға көшірілді.
Риддерде -26 градус аяз. Бірінші ауысымның 1-9 сыныптары қашықтан оқытылады.
Бұған дейін «Қазгидромет» алдағы үш күнде еліміздің кейбір өңірлерінде -29 градусқа дейін аяз болатынын хабарлаған еді.