×

Елімізде қыз-келіншектерге «миллионер жігіт тауып беретін» коуч-тренерлер көбейген

Ешқандай лицензиясы жоқ курстардан аулақ болу керек

 Еркеғали Болатұлы 24.11.2022 | 10:15
фото: news.day.az

Әлеуметтік желіде семинар-тренинг арқылы «миллионер жігітті құрыққа түсіруді үйрететін» коуч көбейген. Олар жас қыздарға тұрмысқа сәтті шығудың жолын көрсетіп, ауқатты серік табуға көмектеседі. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Коуч-тренерлер өз сабақтарында «әйел энергиясын оятамыз» деп уәде беріп әлек. Айтуларынша, бір курстан кейін қыздар түбегейлі өзгеріп, жігіттерді магнитше тартатын болады екен. Ал жас қыздар осы қызмет түрін жиі қолданып жүр.

Олардың мақсаты – қызға бір миллионер жігітті тауып беру емес, мейлінше өздеріне ақша табу. Өз басым оны алаяқтық деп есептеймін, - дейді театр актеры Нұржан Бидәулетұлы.

Бір қызығы, «жігіт тауып бергіштердің» кейбірі клиентінің ақшасын алғаннан кейін ешқандай сабақ өтпей, ізім-ғайым жоғалатын көрінеді.

«Курс өткізудің де өз тәртібі бар. Ешқандай лицензиясы жоқ курстардан аулақ болу керек. Қазір онлайн ақша табуды үйрететін, тіпті «жігіт табуға көмектесемін» деп қыздардың ақшасын алып, алдап кететіндер де бар. Сондықтан барынша сақ болған жөн. Бірден құзырлы органға шағымданып, дәлелдерді жинау керек», - дейді заңгер Жанар Ержанова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама