Арқалықтағы жылу электр орталығында апат болды

Дастан Жұмабекұлы

Су жылытатын екінші және үш бу қазандығы бұзылған жоқ

фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Қостанай облысының Арқалық қаласындағы ЖЭО-да болған апаттың видеосы тарады. Осыған байланысты қала әкімдігі түсінік берді.

Кеше сағат 17.00 шамасында қалалық ЖЭО-ның жылу қазандығында жарылыс болды. Соның салдарынан қазандықтың қаптамасы бұзылды. Су жылытатын екінші және үш бу қазандығы бұзылған жоқ. Жұмысшылар арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Апат жылу мен су беруге әсер етпейді, –  делінген хабарламада.

Сонымен бірге әкімдік жылу электр орталығын жөндеу жұмыс тәртібімен болатынын хабарлады.