×

Павлодарда жоғалған тағы бір қыз табылмай жатыр

Іздеу жұмыстары төрт күннен бері жалғасуда

 Дастан Жұмабекұлы 23.11.2022 | 13:58
фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда жоғалған қыз төрт күннен бері табылмай жатыр. Қалалық «Vita» іздеушілер жасағының мәліметіне қарағанда, 18 қарашада 17 жастағы Гауһар Әбдірахманова Олжабай батыр (бұрынғы Мир) көшесіндегі үйінен шығып, жоғалып кеткен.

Бойжеткен ұзын қара күрте, сұр шалбар және қара спорттық аяқ киім киген. Қолында күміс түстес жылтыр сөмке болған. Бойы шамамен 165 сантиметр.

Жоғалған қыз туралы +7 747 615 55 63 (Катерина), +7 777 334 82 01 (Светлана) немесе 102 телефондарына хабарласуға болады. Бұған дейін де Павлодарда Яна Артаманова атты 17 жастағы қыздың жоғалғаны туралы хабарланған болатын. Яна Артаманова туралы да мәлімет болса, жоғарыда көрсетілген телефон номерлеріне хабарласу керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қарағанды ​​облысында автобус күтіп тұрған оқушының беті үсіп қалған

Абай аудандық білім бөлімі оқиғаны растады
03.12.2022 | 06:30

«Мама, мені күтпеңіз»: Бес баланы қаққан жүргізушінің анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Мектеп автобусынан түскен бес оқушыны Lexus көлігі қатты жылдамдықпен соққан
03.12.2022 | 00:15

Қазақ қызын өлтірген Дағыстанның экс-премьер-министрінің ұлына үкім шықты

Алқабилер бірауыздан Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлын кінәлі деп тапты
02.12.2022 | 23:06

Оралдық дәрігерлер үш айлық сәбидің қолын кесіп тастаған

Денсаулық сақтау министрі бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізілетінін жеткізді
02.12.2022 | 22:24