×

Алдағы үш күнде аяз -30 градусқа дейін барады

25 қарашада солтүстікте, ал келесі күні шығыста қалың қар жаууы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 23.11.2022 | 13:40
фото: ашық дереккөз

Алдағы үш күнде еліміздің кейбір өңірлерінде -20-29 градусқа дейін аяз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Самара аудандарынан жылжыған циклон жырасымен еліміздің басым бөлігінде қар жауады деп болжанып отыр. Батыс және оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түрінде, 25 қарашада солтүстікте, 26 қарашада шығыста қалың қар жаууы мүмкін.

«Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын болады деп күтілуде. Кезеңнің соңында Салехард аудандарынан солтүстік суық антициклонының енуімен республиканың көп бөлігінде жауын-шашын тоқтап, солтүстік, шығыс және орталықта ауа температурасы түнде және күндіз -20-29 градус аязға дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр», –  делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама