×

Антикор мемлекеттік қызметкерлердің атын жамылған алаяқтарды ұстады

Қазір қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 23.11.2022 | 13:35
Фото: t.me/antikornews

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция нәтижесінде алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, олар мемлекеттік органдар басшыларының сенімді адамдары болып көрініп, азаматтарды адастырып, әртүрлі мәселелердің шешімі үшін пара беруге итермелеу арқылы олардың ақшалай қаражатын ұрлаған.

Топ мүшелерінің бірі Б. Әбдікерімов соттың санкциясымен қамауға алынды. Басқа қатысушы М. Тұрановтан «Халықаралық полиция орталығы» («Interpol Center UN») генерал-майорының куәлігі тәркіленді.

Қазір қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Аталған адамдардың басқа қылмыстар жасауға қатысының бар-жоғы тексеріледі. Тергеу мүддесі үшін бұдан өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтардың мемлекеттік органдарда ойдан шығарылған байланыстармен жасырынып, қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер жасауының жалғасып жатқан жағдайларына назар аударады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама