Halyq Uni логотип
×

Үш мегаполисте халық саны бақылаусыз өсіп жатыр – Әлібек Қуантыров

Соңғы 10 жыл ішінде Астанада халық саны 59 пайызға, Алматыда 37 пайызға, Шымкентте 67 пайызға өскен

 Дәурен Ерболат 23.11.2022 | 11:17
Үш мегаполисте халық саны бақылаусыз өсіп жатыр – Әлібек Қуантыров
фото: Halyq Uni

Мәжілістің жалпы отырысында «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасы талқыланды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров соңғы 10 жыл ішінде Астанада халық саны 59 пайызға, Алматыда 37 пайызға, Шымкентте 67 пайызға өскенін мәлімдеді.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бүгінде елдің агломерацияларында орталық қала мен оған іргелес аудандар арасында экономикалық дамуда, қаржылық және адами әлеует бойынша белгілі бір теңсіздіктер бар.

Оған ықпал ететін негізгі фактор – ірі қалалар мен оларға іргелес аумақтарда халық санының бақылаусыз өсуі. Кейінгі 10 жыл ішінде Астана қаласының халқы 59 пайызға, Алматы қаласының халқы 37 пайызға, Шымкент қаласының халқы 67 пайызға өсті, – деді министр.

Әлібек Қуантыров үш мегаполистің аумағы едәуір өскенін айтты. Астананың (елорда болғалы) жер аумағы 3 есе, Алматы қаласының аумағы кейінгі он жылда 2,5 есе, ал Шымкенттің аумағы 3,5 есе өскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама