×

ӘЧ-2022: Иран құрамасы наразылық танытып жатыр

Команданың ойыншылары өз елінің әнұранын шырқаған жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 23.11.2022 | 10:14
фото: championat.com

Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатына қатысушы Иран құрамасының ойыншылары Англиямен кездесу алдында өз елінің үкіметіне наразылық ретінде ел гимнін айтпай қойды.

Матчтың алдында ирандықтардың Нидерландтың «Фейеноорд» клубында ойнайтын капитаны Алиреза Жаганбахш осы күндері Иранда болып жатқан үкіметке қарсы наразылық қозғалысына қолдау көрсету ниетімен команданың осындай «ұжымдық» шешімге келгенін айтты.

Кездесу басталар алдында Иранның гимні ойналып жатқанда ел құрамасының 11 ойыншысы үндемей, қабақтары қатулы болып тұрды.

Бұған дейін Иранның баскетболдан құрама командасының мүшелері де халықаралық матчта солай еткен еді.

Еске сала кетсек, осы күндері Иранда билікке қарсы наразылық қозғалыстары болып жатыр. Ол қыркүйек айында парсы елі полициясының 22 жастағы Махса Аминиді хиджаб кимей жүргені үшін азаптап өлтіргенінен кейін басталып кетті. Бұл бүкіл елде бір мезгілде қарсылық қозғалысының бұрқ ете қалуына апарып соқтырды.

Қозғалысқа Иранның жекелеген футболшылары да қолдау білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама