Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты
Тағы 4 жолаушы дене жарақатын алды
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе - Астрахань автожолында ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, 43 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан. Артынша Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Kia автокөлігінің 4 жолаушысы дене жарақатын алды, – деп мәлімдеді ЖПҚБ бастығының орынбасары Айдос Құлжанов.
Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда жол апатынан ер адамның көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.