«Колледжге бомба қойылды»: Таразда 1700 студент, оқытушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды (ВИДЕО)

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Фото: Halyq Uni

Жамбыл политехникалық колледжінің ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 22 қараша күні сағат 9:41-де «102» пультіне Жамбыл политехникалық колледжінің Telegram-дағы ресми парақшасына келген анонимді хат туралы хабарлама келіп түскен. Онда Төле би даңғылы мен Домалақ ана көшесінің бойында орналасқан колледж ғимараттарына бомбалар қойылғаны хабарланды.

Шақыру орнына ПД жеке құрамы, саперлер, кинологтар, ТЖД қызметі мен дәрігерлер жедел келді. 1700 студент, колледж қызметкерлері және басқа азаматтар эвакуацияланды.

Өткізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде Домалақ ана көшесіндегі корпустан жарылғыш зат табылған жоқ. Колледждің екінші корпусын саперлер тексереді.

Полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады