Ақтөбелік құтқарушылар жоғалған қойшыны тапты
Ер адамға медициналық көмек қажет болмады
Ақтөбелік құтқарушылар мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қараша күні 18:50-де Байғанин ауданы, Көлтабан ауылдық округі, Сорқұдық подхозы (аудан орталығынан 21 шақырым қашықтықта) 52 жастағы ер адамның мал іздеуге шығып, қайта оралмағаны туралы ақпарат келіп түскен.
Оқиға орнына бірден жеткен құтқарушылар жоғалған азаматты іздеу шараларын ұйымдастырды. Нәтижесінде құтқарушылардың күшімен 21:00-де адасқан азамат Сорқұдық подхозынан 3 шақырым қашықтықтан аман-есен табылды. Зардап шеккен жоқ, сол себепті медициналық көмекті қажет етпеді.
Бұдан басқа, 21 қарашада сағат 11-ден бастап Абай ауданы Топар кентінде Шерубай-Нұра су қоймасының бойында ТЖД ОСО күшімен 21 қазанда балық аулау кезінде жоғалып кеткен 1967 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ТЖМ қысқы кезеңдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Тұрғындардан дабылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болуды сұрайды.