Премьер-министр Әлихан Смайылов қаулыға қол қойды
Елімізде келесі жылдан бастап еңбекке қабілеттілігі мен асыраушысынан айырылған азаматтардың төлемақысы өседі. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған «Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» қаулыда айтылған.
Енді 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемнің мөлшері 8,5%-ға өседі.
«2023 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдерінің мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылсын», – делінген қаулыда.