Mudarabah capital ісі: танымал вайнерлер қылмыстық іс материалдарымен танысады

Халық үні

Төребаев пен Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

скриншот: әлеуметтік желі

Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша айып тағылған танымал вайнерлер – Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Төребаевты қамауда ұстау мерзімі 18 желтоқсанға дейін, ал Шерниязовты қамауда ұстау мерзімі 19 желтоқсанға дейін ұзартылды. Күдіктілер осы аралықта қылмыстық іс материалдарымен танысады.

Айта кетейік, 2022 жылғы ақпанда Алматыда Mudarabah capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған бірнеше адамға қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша айып тағылды. Олардың ішінде танымал блогерлер де бар. Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынып, тағы бір вайнер Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен болатын.