Halyq Uni логотип
×

Павлодарда жол апатынан ер адам көз жұмды

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 21.11.2022 | 11:00
Павлодарда жол апатынан ер адам көз жұмды
Фото: polisia.kz

Павлодарда жол апаты салдарынан 29 жастағы жүргізуші қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 21 қараша күні сағат 04:25 шамасында Сәтбаев пен Есенәлиев көшелерінің қиылысында Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізушісі жол қоршауына, кейін қозғалысты жалғастыра отырып, жарықтандыру тірегіне, ағашқа, одан соң үйдің қоршауына соқтығысқан. Жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама