Ол – отбасының төртінші перзенті
Қызылорда облысының Жалағаш ауданында сайлау күні Қорғанбаевтар отбасында ұл бала дүниеге келген. Бұл туралы kyzylorda-news хабарлады.
Ол – отбасының төртінші перзенті. Осылайша, саяси науқан сәтінде дүниеге келген сәбиге атасы Жұматай Қорғанбаев Қасым-Жомарт деп ат қойыпты.
Елдің қамын ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағына жұмыс істейтін азамат болсын деп, есімін Қасым-Жомарт қойдым. Ал бүгінгі сайлауда кімге дауыс бергенім құпия болсын, – деді кішкентай Қасым-Жомарттың атасы.
Нәрестенің салмағы – 4 келі 400 грамм, бойы – 55 см. Оның да, анасының да жағдайы жақсы.