×

Менің басқаруыммен елорда салынды... - Нұрсұлтан Назарбаев

Тұңғыш президент билікті өз еркімен бергенін айтты

 Еркеғали Болатұлы 20.11.2022 | 13:25
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс берді. Ол күзетшілерімен сағат 11:30 шамасында «Астана Опера» театрындағы №393 сайлау учаскесіне барған еді.

Дауыс бергеннен кейін экс-президент журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Мен билікті өз еркіммен кімге бердім? Білесіздер ғой. Сондықтан таңдауымды сол кезде жасағанмын. Ал өз атымнан айтарым, қазір халқымызға бірлік керек. Әрине, тәуелсіздік бар, мемлекет құрылды, менің басқаруыммен елорда салынды. Бірақ әлі де атқарылар жұмыс көп.

Ол үшін бір президенттің төңірегінде жұмыс істейтін халықтың бірлігі қажет. Бұл қазақ халқының болашағы үшін маңызды. Мұны халқымыз түсінеді деп сенемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, ол референдумда да осы сайлау учаскесінде дауыс берген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама