Halyq Uni логотип
×

Президент сайлауы: кен орнындағы сайлаушыларға арнайы тікұшақ барады

Қазір 37 мыңға жуық адам вахтада

 Еркеғали Болатұлы 20.11.2022 | 10:40
Президент сайлауы: кен орнындағы сайлаушыларға арнайы тікұшақ барады
фото: avto.goodfon.ru

Бүгінгі президент сайлауына қатысқысы келетіндердің бәріне мүмкіндік бар. Тіпті, кен орындарына арнайы тікұшақ барады. Құжатын ұмытып кеткендер цифрлық куәлігімен таңдау жасай алады.

Мысалы, Атырауда өзге облыстың 13 мыңнан аса сайлаушысы дауыс бермек. Олар өз өтініштері бойынша тізімге енген. Жалпы өңірдегі 410 мыңға жуық сайлаушы 261 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасайды.

Дәл қазір 37 мыңға жуық адам вахтада. Олар да дауыс беріп жатыр. «Болашақ» мұнай дайындау зауытындағылар үшін жұмыс басында сайлау учаскесі ашылған. Қалғандарын тасымалдау үшін арнайы автобустар шығарылып отыр. Ал Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнына тікұшақ барады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама