Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді
Бүгін, 19 қарашада «Самара-Шымкент» автожолында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан әйел адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, «Kia Rio» автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі жол-метеорологиялық жағдайларды ескермей жолдың тайғақ учаскесінде, көлік рулін басқара алмай, жолдын шетіне шығып, аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы 64 жастағы әйел жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты ал жұргізуші жұбайымен ауруханаға жеткізілді, – деді Ақтөбе облысы ПД ЖПКБ рота командирі Артур Абдрешов.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті ауа райының күрт нашарлауы - жолдардағы көктайғақ туралы ескертеді. Осыған байланысты елді мекендерден тыс жерлерге алыс сапарларға шықпау ұсынылады.