Жүкті әйелін өлімші етіп сабаған полицейге қатысты жаңа мәліметтер шықты
Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында
Қызылордада жүкті әйелін өлімші етіп сабаған полиция қызметкерінің ісі департаменттің тәртіптік кеңесінде қаралып, ол ішкі істер органдарынан шығарылды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, Қызылорда облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық тиісті сот сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша егжей-тегжейлі және объективті тергеп тексеру әрекеттері толық жүргізілуде. Жәбірленуші тараптың көрсеткен уәждері мұқият тексерілуде, олар бойынша құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс департамент басшылығының бақылауында, - делінген облыстық полиция департаментінің Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында.
Еске сала кетейік, бұған дейін қызылордалық полицей әйелін өлімші етіп сабағаны туралы жазған болатынбыз.