Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылған
Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Арман Жұмагелдиев үндеу жасап, өзіне қатысты тергеудің әділ өткенін қалайтынын айтты.
Митингте қан төгілмеуіне жол бермеуге тырыстым. Елді бірлікке шақыруға күш салдым. Халқымды қорғағым келді. Қазір сол үшін қапаста отырмын. Арандатушылардың жолын кескім келді, сондықтан осылай жасадым, – дейді ол.
7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында «Дикий» Арман (Жұмагелдиев – ред.) бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталған болатын. Қылмыскерлерден түрлі марка мен калибрлі 4 жартылай автоматты тапанша, оқ-дәрі, суық қару мен броньдалған көлік тәркіленген.
Айта кетейік, 6 қазанда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 желтоқсанға дейін ұзартты.
Бас прокуратура мәліметінше, Арман Жұмагелдиев келесі баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған: