Микробиологиялық көрсеткіштері бойынша 14 сынама талапқа сай келмеді
Астана қаласының сауда орындарында таңбалануы бұзылған және микробтармен ластанған жергілікті өндірістің өнімдері сатылған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2022 жылдың 10 айында Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органымен аспаздық өнімдердің 39 үлгісі зерттелді. Оның 17-сі – жергілікті өндірістің, ал 22-сі – басқа елдерден келген өнімдер. Зерттелген 39 өнімнің 41%-ы ЕАЭО ТР талаптарына сәйкес келмейді. Атап айтқанда, микробиологиялық көрсеткіштері бойынша 14 сынама (оның 10-ы – жергілікті өндірістің сынамасы) жаппай микробтық ластану және таңбалау бойынша сәйкес келмеді. Сонымен қатар, сатылымнан жарамдылық мерзімі өткен 2 сынама анықталды.
Аспаздық өнімдерді өндірушілер таңбалауда дайындалған күнін, жарамдылық мерзімін, өнімнің құрамын, өндірушінің атауы мен орналасқан жерін көрсетпейді. Сол арқылы жауапкершіліктен жалтарып, тұтынушыларды адастырады.
ҚР ДСМ 04.08.2021 жылғы №73 «Азық-түлік тауарларын көтерме және бөлшек саудада өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің талаптарына сәйкес, сауда объектілерінде жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе жарамдылық мерзімі өткен, таңбалануы бұзылған, өнімнің сәйкестігі мен қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттарсыз тамақ өнімдерін қабылдауға, сақтауға, сатуға рұқсат етілмейді.
Сонымен, Астана қаласының сауда орындарында таңбалануы бұзылған және микробтармен ластанған жергікті өндірістің өнімдері:
«Айкеинова А.К.» ЖК-нің «АЮ» дүкенінде сатылған (Сарыарқа ауд., Жеңіс даңғылы, 37 үй) «Сарделька қосылған «Азия» сэндвичі», өндіруші: Астана қаласы, Гёте көшесі, 1 үй мекенжайы бойынша орналасқан «Респект Инк» ЖШС;
«Камерова» ЖК-нің «Мираж» дүкенінде сатылған (Алматы ауд., Петрова к-сі, 7/1 үй) «Тауық еті қосылған «Picnic» сэндвичі», «Қақталған шұжық қосылған сэндвичі», өндіруші: Астана қ., Бейсекбаев к-сі, 28 үй мекенжайындағы «Мясная продукция» ЖШС;
«Пчелка» ЖК-нің «Динай» дүкенінде сатылған (Байконыр ауд., Бараев к-сі, 21 үй) «Сиыр етімен картоп қосылған манты», «Ірімшік пен сиыр еті қосылған котлет», өндіруші: Косшы а., «Лесная поляна» мекенжайындағы «ЕАТ» ЖШС;
«Magnum Cash & Carry» (Байқоңыр ауд., Уәлиханов к-сі, 2 үй) ЖШС-нің «Magnum» супермаркетінде дайындалған және сатылған «Ірімшік қосылған құймақ»;
«Умирсериков М.Т.» ЖК-нің «Тимур» дүкенінде сатылған (Сарыарка ауд., І. Есенберлина к-сі, 19 үй) «Тауық еті қосылған сэндвич», өндіруші: Астана қ., Бейсекбав к-сі, 28 үй мекенжайындағы «Мясная продукция» ЖШС;
«Жуманова» ЖК-нің «Айгерим» дүкенінде сатылған (Байқоңыр ауд., Ә.Әлімжанов к-сі, 72 үй) «Пияз қосылған нан», өндіруші: Астана қ., Мүсірепов к-сі, 7/2 үй мекенжайындағы «Кунтаева» ЖК;
«Сарина» ЖК-нің «Рахат» шағынмаркетінде сатылған (Байқоңыр ауд., Торайғыров к-сі, 3 үй) «Тауық еті гарнирмен», өндіруші: Астана қ., Ы.Дүкенұлы к-сі, 30 үй мекенжайындағы «Taza food» ЖК.
Осыған орай департамент тұтынушыларды тауарларды сатып алу кезінде абай болуға, күмән тудыратын өнімдерді, яғни таңбаланбаған (дайындалған күні, жарамдылық мерзімі және өндіруші туралы басқа да мәліметтері жоқ), сақтау шарттары бұзылған, сәйкестік құжаттарынсыз тауарларды сатып алмауға кеңес береді.
Сауда желілерінде сыртқы түріндегі сәйкессіздіктер, сақтау және таңбалау шарттарының бұзылуы, олардың сәйкестігі мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұрау салу бойынша ұсынбауы анықталған жағдайда, бұл туралы белгіленген тәртіппен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарына хабарлау қажет.