Halyq Uni логотип
×

Алматы – Екатеринбург тасжолында жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты

Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Динара Амантай 18.11.2022 | 15:21
Алматы – Екатеринбург тасжолында жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапты
Коллаж: Halyq Uni

Алматы – Екатеринбург тасжолында екі көлік соқығысып, салдарынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін Алматы - Екатеринбург тас жолында ВАЗ-21015 көлігінің 21 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, 45 жастағы азаматтың басқаруындағы МАN ауыр көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан жеңіл көлік аударылып кетіп, оның жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орынында қаза тапқан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама