Halyq Uni логотип
×

Шығыс Қазақстанда елікті атқан браконьер құрықталды

Сібір елігі сирек кездесетін жануарлар қатарына жатады

 Халық үні 02.03.2022 | 14:00
Шығыс Қазақстанда елікті атқан браконьер құрықталды
фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында сібір елігін атқан браконьер ұсталды.

Ақпанның басында Жарма ауданының тәртіп сақшылары «Омбы – Майқапшағай» тас жолының бойында заңсыз аңға шығып, сібір елігін атқан 55 жастағы Семей тұрғынын құрықтады, – дейді полиция.

Ұсталған кезде күдіктінің әріптесіне тиесілі Volkswagen көлігі, сондай-ақ күдікті азаматтың атына тіркелген 16х2 калибрлі ИЖ-58 мылтығы, 7.62 мм калибрлі Вепрь-Супер мылтығы, 7.62 мм калибрлі екі гильза, пышақ және бір елік ұшасы тәркіленді. Келген залал 765 мың теңгеге бағаланды.

«Ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды», – делінген ақпаратта.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 337-бабының 3-бөлігі (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның санкциясымен бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама