Гендерлік теңдік рейтингінде Қазақстан 65-орынға көтерілді
Бірақ экономиканың дамуын отбасы бақыты арқылы есептейтін елдердің қатарына енген жоқпыз
Қазақстан гендерлік теңдік бойынша дүниежүзілік рейтинге 80-орыннан 65-орынға көтеріліп отыр. Бұл туралы Астанада өткен халықаралық ғылыми конференцияда айтылды.
Жиында бақытты отбасы моделін қалыптастыру, гендерлік теңдік, демографияның дамуы, тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселелері туралы жан-жақты талқылау болды. Бұл тақырыптар төңірегінде отандық сарапшылардан бөлек, Чехия, Швецария, Үндістан, АҚШ-тан келген ғалымдар да өз ойларын ортаға салды.
«Біз әлі мемлекет экономикасының дамуын отбасы бақыты арқылы есептейтін елдердің қатарына енген жоқпыз. Бірақ соған келе жатырмыз. 2019 жылдан бастап Қазақстанда отбасын қолдау орталықтары ашылып келеді», - дейді Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демография саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Нәзипа Шанай.