Halyq Uni логотип
×

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерді бірігіп пайдалануды талқылады

Отырыста Бірыңғай жол картасын іске асыруға назар аударылды

 Дастан Жұмабекұлы 18.11.2022 | 13:36
Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерді бірігіп пайдалануды талқылады
фото: ortcom.kz

Ресейдің Тюмень қаласында трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану мен қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының кезекті отырысы өтіп жатыр. Оған Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікәли Мұқатаев пен Ресей Су ресурстары федералды агенттігі төрағасының орынбасары Вадим Никаноров қатысуда.

Отырыста екі ел арасындағы барлық трансшекаралық өзендердің бассейндері бойынша жұмыс топтары басшыларының есебі тыңдалады.Тараптар көктемгі су тасқыны, су қоймаларын толтыру, тұрғындар мен экономика салаларын сумен қамтамасыз ету шарттары, гидротехникалық құрылыстарды кешенді пайдалану, эксплуатациялау, трансшекаралық су объектілерінің су ресурстарының ластануы мен сарқылуының алдын алу туралы ақпарат берілді.  

Сонымен қатар, отырыста Жайық өзені бассейнінің проблемаларын шешуге, ірі трансшекаралық өзендердің бассейндеріндегі зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастықты нығайтуда Бірыңғай жол картасын іске асыруға назар аударылды.

Жиынға екі ел министрліктерінің, су шаруашылығы ұйымдарының, гидрометеорологиялық қызметтің, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мекемелердің өкілдері қатысты.

Қазақстан мен Ресей арасында Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Елек, Қиғаш, Қараөзен мен Сарыөзен сияқты трансшекаралық өзендер бар. Бірлескен комиссия осы трансшекаралық өзендерді бірігіп пайдалану және қорғау үшін құрылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама