Тұрғын 23 жаста екен
«Мектеп ішінде жарылғыш зат бар» деп жалған хабарлама берген атыраулық құрықталды.
Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 номеріне белгісіз тұрғын қоңырау шалып, Атырау қаласында орналасқан орта мектеп ғимараттарының бірінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлаған. Сақшылар жедел түрде тиісті шаралар қолданып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат анықталмады, – дейді полиция.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 23 жастағы тұрғын анықталып, ұсталды. Наркологиялық сараптама қорытындысымен аталған азаматтың «жеңіл дәрежедегі» мас күйде екені анықталды.
Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 273-бабы (терроризм актiсi туралы жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.