×

Алматы облысында оқушыны жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Бала оқиға орнында көз жұмды

 Динара Амантай 17.11.2022 | 09:41
Фото: syrboyi.kz

Алматы облысының Шелек ауылында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 12 жасар оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 14:00 шамасында «Honda Avancier» маркалы автокөліктің 34 жастағы жүргізушісі Шелек ауылының Б.Момышұлы көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, аталған көшені жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өткен 12 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқушы алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама