Қарағанды облысында ондаған қару тәркіленді
Қару айналымы саласында 133 заң бұзушылық анықталды
Қарағанды облысының тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 23 қару тәркіледі.
Қарағанды облысында «Қару» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Оның міндеттері – атыс қаруын заңсыз айналымнан шығару, ұрланған және жоғалған қаруды іздеу, азаматтық қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша тиісті заң талаптарына сәйкестігін тексеру.
Тексеру барысында азаматтық әрі қызметтік қару айналымы саласында 133 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан 23 қару тәркіленді. Оның ішінде мылтық – 3, электрлік – 2, травматикалық – 4, тегіс ұңғылы – 13 және газды – 1. Бұрын жоғалған 6 қару табылды, – дейді полиция.
Мысалы, Приозерск қаласы тұрғынынан 3 тіркелмеген тегіс ұңғылы қару тәркіленді. Оның біреуі Жамбыл облысы ПД Мойынқұм аудандық полиция бөлімінде есепте тұр. Сонымен қатар азаматтар заңсыз сақталған екі қаруды, оның ішінде бір травматикалық пен бір тегіс ұңғылы қаруды өз еркімен тапсырды.
Сақшылар қару және оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық (қылмыстық кодекстің 287-бабы – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру) әрі әкімшілік (қылмыстық-процестік кодекстің 482-бабы – бас бостандығынан айыру) жаза көзделгенін ескертеді.