Halyq Uni логотип
×

Шығыс Қазақстан тұрғыны бір жыл көрмеген ұлымен қауышты

Оған іздеу жарияланыпты

 Халық үні 02.03.2022 | 10:00
Шығыс Қазақстан тұрғыны бір жыл көрмеген ұлымен қауышты
фото: ашық дереккөзден

Ақпан айының басында Глубокое ауданының полиция бөліміне аудан орталығының 53 жастағы тұрғыны 30 жастағы ұлын іздеуге көмек сұрап жүгінді.

Өтініш берушінің айтуынша, бір жыл бұрын ер адам Өскемен қаласына жұмысқа кеткен. Осы уақыт ішінде олар бір-бірімен телефон арқылы хабарласып тұрған. Алайда ұлы бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпаған және телефоны үнемі өшірулі болған, – дейді полиция.

Глубокое АПБ көші-қон қызметкерлері бір ай бойы жоғалған адамды іздестіріп, оның жұмыс орны мен Өскемен қаласындағы тұрғылықты жерін анықтаған.

«Белгілі болғандай, іздестіріліп жатқан азамат қаладағы құрылыстардың бірінде жұмыс істеп жүріп, ұялы телефонын жоғалтып алған екен. Сол себепті туыстарымен байланысқа шыға алмаған. Іздеу жұмыстары нәтижесінде анасы ұлымен қауышты», – делінген ақпаратта.

Өз кезегінде ақ жаулықты ана полицейлерге көрсеткен көмегі үшін ақ батасын беріп, алғысын білдірді.

«Жыл басынан бері көші-қон қызметкерлері туыстарды жоғалту бойынша 20-дан астам өтінішті қарады», – дейді тәртіп сақшылары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама