Бұл – әйелдің екінші некесі
Павлодарлық Гүлназ Эль-Шербини Ахмед үш ай бұрын Египетке қыдырып барып, Жәмила атты қызын жоғалтып алды. Мысырлық күйеуі оны «вокзалға барып келеміз» деп ертіп алып кетіп, қайтып оралмаған. Бұл туралы «Koremiz» бағдарламасында айтылды.
Қазір әйел 3 айдан бері қызының не өлі, не тірі екенін білмей, дабыл қағып жүр.
Айта кетсек, Гүлназ Қайырбекова – кәсіби биші. Ол Астанадағы мемлекеттік филармониядағы би ансамблінде өнер көрсетіп, шетелге жиі шығып тұрған. 2017 жылы ол Оман еліндегі гастрольдік сапарында ұйымдастырушылардың бірімен танысқан. Омандық күйеуінің аты-жөні – Амир Эль-Шербини.
Бұл әйелдің екінші некесі екен. Оған дейін қазақ күйеуінен ажырасып кеткен. Бірінші некесіне ортақ бір қызы бар.
«8 тамыз күні сағат 3 жарым кезінде әпкесін возалдан күтіп алатынын, өзімен бірге қызымды алып баратынын айтты. Ешқандай жаман ой, күмән болған жоқ, қызымды киіндіріп жібердім. «Біз, міне, әуежайдамыз. Қазір ұшаққа отырып, кетіп барамыз. Қызыңды көргің келсе, Қазақстанға қайт. 4-5 күннен кейін мен саған виза мен билет жасап беремін. Мен тірі жүргенде бұл қыз Египеттен шықпайды, оны өлсем ғана көре аласың» деді ол», - деп көзіне жас алды Гүлназ Қайырбаева.