Halyq Uni логотип
×

Ауыз суға мұқтаж өңірлер белгілі болды

Ауыз сумен қамтылу деңгейін арнайы картадан көруге болады

 Халық үні 02.03.2022 | 09:00
Ауыз суға мұқтаж өңірлер белгілі болды
фото: ашық дереккөзден

Ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі интерактивті картаға жаңа функциялар енгізілді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі интерактивті картаға өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, картаға азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (Е-өтініш) арқылы халықпен кері байланыс орнатуға арналған жаңа функциялар қосылды, – дейді ИИДМ.

Атап өтсек, ауылдарды сумен қамтамасыз ету деңгейін мониторингілеу үшін министрлік тұрғындарға қолжетімді интерактивті карта әзірлеген болатын. Карта көмегімен әрбір азамат өзін қызықтыратын кез-келген ақпаратты көре алады. Мәселен, өңірдің сумен қамтамасыз етілуі, қаржыландыру, қаражатқа деген қажеттілік, халық саны туралы және басқа да мәліметтер жүктелген.

Жалпы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Алматы (99,1%), Атырау (99%) және Қызылорда облыстары (97,8%) көш басында тұр. Дегенмен бірқатар өңірде артта қалушылық бар. Ауыз сумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай (74,9%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (83,5%) байқалады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, ауыл халқы арасында сумен жабдықтау қызметтеріне деген қолжетімділік 93%-ды құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама