Ресей әскері Запорожье облысынан кетуге дайындала бастады
РФ қарулы күштері халықты көшіруді де жоспарлап отыр
Ресей билігінің өкілдері енді Запорожье облысында да эвакуация жасауды ойластырып жатыр. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
Ресейге тәуелді билік Херсон облысының ізімен артынша Запорожье облысында да эвакуация басталып кетуі мүмкін екенін айтып отыр.
Запорожье облысының оккупациялық билігі өңірде эвакуация жарияланып қалуы ықтимал екенін жоққа шығармайды. Облыстың Ресей тағайындаған губернатордың міндетін уақытша атқарушысы Евгений Балицкий қауіп төнген жағдайда тұрғындарды көшіру басталатынын айтты, – делінген хабарламада.
Оның айтуынша,тұрғындар бұған дейін эвакуацияланған херсондықтар сияқты Ресейдің түкпірдегі өңірлеріне немесе аннексияланған Қырым түбегіне әкетілмейді. Олар Запорожье облысының басқа аудандарына көшіріледі.
Балицкий бұдан басқа эвакуацияның қарастырылып отырмағанын айтты.
Ал Мәскеу бұрынғысынша Херсон және Запорожье облыстарын Ресейдің бір бөлігі деп есептейді. Кремль Херсонды 9 қараша күні өз әскерлерінің тастап шыққанына, ал Запорожье облысын түгел жаулап ала алмағандарына қарап отырған жоқ. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жақында болған шегіністі уақытша әрекет деп санайтынын ескертті.