Көкшетауда көлік салонынан ер адамның мәйіті табылды
Қаза тапқан ер адамның жеке басы анықталып жатыр
Көкшетау қаласында көлік салонынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 15 қарашада таңғы сағат 05.53-те қалалық ПБ жедел басқару орталығына Әуезов – Подгорная көшелерінің қиылысында Красный Яр бағытында автобус аялдамасына соқтығысқан Mercedes автокөлігінің жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу келіп, өртті сөндіру барысында көлік салонынан ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды.
Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі «(Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қаза тапқан ер адамның жеке басы анықталып жатыр.