БҚО-да 2 жыл бойы мал ұрлығымен айналысқан 4 жігіт ұсталды

Еркеғали Болатұлы

Сондай-ақ олар бір компанияның кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған

фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында соңғы 2 жылда мал ұрлығымен айналысқан 4 адам ұсталды.

Күдіктілер Самара-Шымкент тас жолының бойында Теректі ауданы Подстепный кентінің маңында қолға түскен. Олардың көлігінен Бекей ауылынан ұрланып, сойылған жылқы табылды.

Қазір 42, 34 жастағы жігіттер мен 37 жастағы 2 азамат соңғы 2 жылда Ақжайық, Казталов және Теректі аудандарының аумағынан 10 рет мал ұрлағандарын мойындап отыр. Сондай-ақ олар тергеу барысында бір компанияның кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасағандарын да айтқан.

Күдіктілер Теректі ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.