×

Бір айда Ресей азаматтарымен 500-ге жуық отандасымыз неке қидырды

Алматының бір өзінде 94 адам шаңырақ құрды

 Дастан Жұмабекұлы 15.11.2022 | 12:12
фото: ашық дереккөз

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті қыркүйек пен қазан айларының аралығында 500-ге жуық отандасымыздың Ресей азаматтарымен неке қидырғанын хабарлады.

2022 жылғы қыркүйек пен қазан айларының аралығында Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары арасында 485 неке қиылған, – делінген хабарламада.

Бұл деректің былтырғы мәліметпен салыстырғанда көп айырмашылығы жоқ екені де айтылды. 2021 жылдың дәл осы кезеңінде қазақстандықтардың ресейліктермен 494 некесі қиылған.

Биыл ең көп неке Алматыда тіркелген. Онда 94 (2021 жылы –  75) адам үйленді. Астанада 51 (2021 жылы –  46) адам шаңырақ құрса, Қарағанды облысында  45 (2021 жылы  –  49) отандасымыз Ресей азаматымен неке қидырған.

Некеге тұрған адамдардың орташа жасы ерлерде – 26-29, әйелдерде – 23-28 жас.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама