«АрселорМиттал Теміртау» кеншілері зейнет жасын азайтуды талап етті
Кәсіподақтың төрағасы алты проблеманы ортаға салды
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек келісу комиссиясының кеншілерімен кездесті.
Кездесуде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің еңбек ұжымдары кеншілер атынан зейнеткерлік жасты азайтуды талап етті.
Отырыста осы мәселені кеншілерге түсіндіру үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов шақырылды.
Басқосуда облыс әкімі Жеңіс Қасымбек келісім комиссиясының жыл бойы жұмыс істеп келе жатқанын, оның қызметінде алға жылжу бар екенін атап өтті. Бірақ әкім әлі шешімін таппаған бірқатар жүйелік мәселенің көп екенін, соның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету шаралары бірінші орынға шығып отырғанын айтты.
Кеншілер көтерген проблемалар туралы «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы Евгений Буслаев хабарлады. Ол алты мәселені ортаға салды. Оның ішінде жалақыны көтеру, 13-жалақы деп аталатын еңбекақы төлеу, еңбек қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шараларды толық қамтамасыз ету, кәсіптік сырқаттанушылықтың алдын алуды және қызметкерлерді сауықтыру жүйесін жақсарту мәселесі бар.